«Әйел бақыты» ашық есік күнін өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әйел бақыты» ашық есік күнін өткізеді

21.10.2014
«Әйел бақыты» ашық есік күнін өткізеді

25 қазан күні Астанадағы «Astana Mall» сауда үйінде «Әйел бақыты» бағдарламасы мыңдаған көрерменнің сұрауы бойынша, ашық есік күнін өткізбекші. Мұндағы мақсат – еліміздегі талай әйелдің жеке өміріне, денсаулығына, заңға, қызметіне қатысты мәселелерін шешуге қол ұшын беру.

Отбасы мәселелерінен әбден мезі болған, заңды білмей құқығы тапталып жатқан, қызметтегі түсініспеушілік салдарынан қиналған, денсаулығы сыр берген әйелдердің бұл күні білікті мамандардан өздеріне қажетті  жауап алуына мүмкіндік бар.

Сағат 10.00-18.00 аралығында психолог, гинеколог, заңгер мамандардың тегін кеңесін тыңдауға асығыңыз!

Толығырақ ақпаратты 8 (7172) 55-38-03 байланыс телефоны арқылы біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу