«Менің елім - Мәңгілік ел: Каспийден Алтайға дейін» экспедициясының қатысушылары фильм түсіреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Менің елім - Мәңгілік ел: Каспийден Алтайға дейін» экспедициясының қатысушылары фильм түсіреді

20.10.2014
«Менің елім - Мәңгілік ел: Каспийден Алтайға дейін»  экспедициясының қатысушылары фильм түсіреді

«Менің елім - Мәңгілік ел: Каспийден Алтайға дейін» экспедициясының қатысушылары жобаны аяқтағаннан кейін фильм, телебағдарлама мен «Менің елім» кітабын дайындайды. Онда жүріп өткен жолдарында алған әсерлерімен бөліспек. Бұл туралы «Менің елім - Мәңгілік ел: Каспийден Алтайға дейін» этнографиялық жастар экспедициясының үйлестірушісі Евгений Рибалко мәлімдеді, деп хабарлайды strategy2050.kz.

 «Соңғы бейнеөнімге келер болсақ, менің ойымша, бұл өте құнды дүние болмақ. Қанша уақытқа созылатынын қазір дөп басып айта алмаймын, дегенмен материал өте көп. Мүмкін, бірнеше сериядан тұратын бейнеөнім болмақ, мүмкін толықметражды фильм болуы да ғажап емес», - дейді Рибалко.

Сонымен қатар жетекшінің айтуынша, аталмыш дүние республикалық телеарналарда көрсетілмек.

Естеріңізге сала кетейік, «Менің елім - Мәңгілік ел: Каспийден Алтайға дейін» жобасы қазақстандық жастардың басын біріктіріп, елдің көркем жерлерін насихаттау мақсатында қолға алынып отыр.

Хабарламаларға жазылу