Қазақстанда жаңа төлқұжат болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда жаңа төлқұжат болады

20.10.2014
Қазақстанда жаңа төлқұжат болады

Түрлі-түсті фотосы бар жаңа төлқұжат елімізде желтоқсан айынан бастап беріле бастайды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді.

«Депутаттар тарапынан қазіргі төлқұжаттағы ақ-қара түсті фотоға қатысты сын айтылған соң, біз жыл бойы осы тұрғыда жұмыс істедік. Жаңа құжат желтоқсанның 1-нен бастап таратылады. Бағасы өзгермейді. Жаңа төлқұжатта фото түрлі-түсті, әрі онда голографикалық фотография болады. Бұл жалған құжат жасаушылардан қорғану үшін қажет»,-деді министр.

Сондай-ақ, оның сөзінше төлқұжатта Мемлекеттік Ту мен Елтаңба және еліміздің картасы белгіленетін болады.

Хабарламаларға жазылу