Астанада мемлекеттік қызметкерлерге арналған семинар басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада мемлекеттік қызметкерлерге арналған семинар басталды

20.10.2014
Астанада мемлекеттік қызметкерлерге арналған семинар басталды

Бүгін Астанада «Технологиялық даму және инновация: Оңтүстік Кореяның тәжірибесі» атты мемлекеттік жергілікті атқарушы орган қызметкерлеріне арналған үшкүндік семинар басталды.

Семинарды Корея Республикасының мемлекеттік қызметкерлерді оқыту бойынша орталық институтының (COTI) президенті Ю Ён Ченің басшылығымен кореялық алдыңғы қатарлы ғылым және техника институтының (KAIST) профессорлары жүргізеді.

Шарада сарапшылар инновациядағы, мемлекеттік қызметкерлердің көшбасшылығы салаларындағы  мемлекеттік қолдаудың рөлі туралы баяндамақ.

Қатысушылар екі мемлекеттің индустриялық даму саласында жүргізіп жатқан саясаты туралы пікір алмасады, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Хабарламаларға жазылу