Биыл елордада 6 366 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл елордада 6 366 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді

20.10.2014
Биыл елордада 6 366 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді

2014 жылдың қаңтар айынан қазан айына дейін елордада барлық қаржыландыру көздерінің есебінен 6 366 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.  

Тапсырылған үйлердің жалпы ауданы - 789,047 шаршы метр. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 4,4 пайызға артық.

Соның ішінде жеке меншік үйлердің жалпы ауданы - 50 609 шаршы метр.

Биыл жеке тұрғын үй құрылысының жалпы тапсырылған үйлердегі үлесі 6,4 пайызды құрады.

Хабарламаларға жазылу