Бразилиялық «TV Globo» телеарнасы Қазақстан туралы репортаж көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилиялық «TV Globo» телеарнасы Қазақстан туралы репортаж көрсетті

20.10.2014
Бразилиялық «TV Globo» телеарнасы Қазақстан туралы репортаж көрсетті

Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшілігінің қолдауымен  Бразилияның португал тілінде хабар тарататын ірі телекоммуникация компаниясы - «TV Globo» телеарнасы Қазақстан туралы арнайы репортажды ұсынды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Жобаның мақсаты - бразилиялық көрермендерді Қазақстанмен, оның халқымен, мәдениетімен және салт-дәстүрімен, табиғатымен таныстыру.

Атап айтқанда, репортерлер телекөрермендерді еліміздің Астана, Алматы сияқты ірі қалаларының архитектураларымен, спортымен, табиғи байлықтарымен, «Байқоңыр» ғарыш айлағымен, Арал теңізінің мәселелерімен және т.б. таныстырды.

 

ҚазАқпарат 

Хабарламаларға жазылу