Ақсу қаласында диализ орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақсу қаласында диализ орталығы ашылды

20.10.2014
Ақсу қаласында диализ орталығы ашылды

Павлодар облысы Ақсу қаласында созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан тұрғындар, енді қажет медициналық көмекті арнайы «жасанды бүйрек» аппараты арқылы алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Ақсу қаласының тұрғындары бұрын ем қабылдау үшін Павлодарға келуге мәжбүр болса, енді алысқа бармай-ақ жергілікті орталықта медициналық көмек ала алады.

Жаңа нысан тәулігіне алты адамды қабылдауға арналған.

pavlodarnews.kz

Хабарламаларға жазылу