Бүгін Шымкентте «Ақ жол және Алаш ардақтылары» атты конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Шымкентте «Ақ жол және Алаш ардақтылары» атты конференция өтті

17.10.2014
Бүгін Шымкентте «Ақ жол және Алаш ардақтылары» атты конференция өтті

Бүгін Шымкентте ұлт қайраткері Тұрар Рысқұлов пен Сұлтанбек Қожановтың 120 жылдығы және «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 90 жылдық мерейтойына орай, «Ақ жол және Алаш ардақтылары» атты ғылыми-теориялық конференция өтті, деп хабарлайды  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының баспасөз қызметі. Шара облыстық филармонияда ұйымдастырылды.

Конференцияға есімі елге танымал тарихшылар, ғалымдар, қоғам және мемлекет қайраткерлері, ақын-жазушылар, іргелі басылым редакторлары қатысты.

Ғылыми-теориялық конференцияда «Ұлт қайраткерлері және Алаш мұраты» тақырыбында филология ғылымдарының докторы, Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің проректоры, профессор, белгілі алаштанушы Дихан Қамзабекұлы баяндама жасады.

Сонымен қатар, ф.ғ.д. Халықаралық Түркі академиясының ғалым хатшысы Амантай Шәріп, ф.ғ.к. Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ, ОҚО саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайының директоры, ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Ханбибі Есенқарақызы, «Оңтүстік Қазақстан» облытық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Бақтияр Тайжанов баяндама жасады.

Жиынға елімізге белгілі жазушы әрі ақын Мұхтар Шаханов пен сатирик, жазушы Көпен Әмірбек те қатысты. Конференция соңында алаш ардақтыларының өмірінен сыр шертетін сахналық көрініс көрсетілді.

Ал облыс әкімі басылым ұжымына автокөлік кілтін сыйлады.

 

Сурет: Берік Уәли парақшасынан алынды

Хабарламаларға жазылу