Жар таңдауда қателеспеу керек деп жатамыз. Алайда, азаматты қорғаным, деп білген қыз-келіншектер бүгінгі жігіттердің жігерсіздігін жиі айтады. Сәнді киінуді, бет-әлпетін қыз баладан кем күтпейтін жігіттер келешекте отағасы бола ала ма?
Қазір ер-азаматтың жұмысын еңсеріп кете алатын әйелдер қауымы жігітке деген сезімін де алғаш болып жеткізу жайттары көптеп кездеседі. Бүгін 15.05-те «Әйел бақыты» ток-шоуында жігіттерге бірінші болып сезімін білдірген, тіпті үйлену туралы ұсыныс жасаған кейіпкер қонақта болады.
Жігіттердің жігерсіздігіне көңілі толмайтын бойжеткеннің әңгімесін Ұлттық арнамен бірге тыңдайық!