Ә.Мәтішев: Қазақстанда «Эбола» вирусының таралу қаупі жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ә.Мәтішев: Қазақстанда «Эбола» вирусының таралу қаупі жоқ

14.10.2014
Ә.Мәтішев: Қазақстанда «Эбола» вирусының таралу қаупі жоқ

Қазақстанда «Эбола» вирусының таралу қаупі жоқ. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Әлиақпар Мәтішев мәлім етті.

Оның айтуынша, қандай да бір қауіп төне қалса, біздің медициналық мекемелеріміз вирусты жұқтырған адамды анықтап, оны оқшаулап, емдеуге дайын.

Сондай-ақ, елімізге шетелдерден «Эбола» вирусының кіріп кетпеуін қамтамасыз ету үшін қажетті санитарлық-эпидемияға қарсы шаралар кешені жасалып, шекаралардағы барлық өткізу аумақтарында санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілген.

Айта кетейік, ДДСҰ келтірген мәліметте 10 қазандағы жағдай бойынша «Эбола» вирусын 8399 адам жұқтырған. Олардың 4033-і қайтыс болған.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу