Бас прокурор Асхат Дауылбаев Италия әділет министрлігінің статс-хатшысымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бас прокурор Асхат Дауылбаев Италия әділет министрлігінің статс-хатшысымен кездесті

14.10.2014
Бас прокурор Асхат Дауылбаев Италия әділет министрлігінің статс-хатшысымен кездесті

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Асхат Дауылбаев Италия Республикасы әділет министрлігінің статс-хатшысы Мария Косимо Ферримен кездесті.

Кездесуде екіжақты құқықтық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Асхат Дауылбаев мейманды Қазақстандағы құқықтық жүйені жаңғырту, құқық қорғау қызметін жетілдіру, қылмыстық заңнаманың жаңа редакциясын әзірлеудің незігі бағыттары туралы хабардар етті.   

Тараптар қол жеткізілген өзара әрекеттесу деңгейіне қанағаттанушылық танытып, халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша трансұлттық қылмысқа қарсы күресте екіжақты қарым-қатынасты одан әрі тереңдетуге дайын екенін білдірді.

Хабарламаларға жазылу