Атырау облысында жүн өңдеуге арналған кешеннің құрылысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында жүн өңдеуге арналған кешеннің құрылысы басталды

13.10.2014
Атырау облысында жүн өңдеуге арналған кешеннің құрылысы басталды

Атырауда жүнін бастапқы өңдеуден өткізуге арналған «СП «Атырау ПОШ» ЖШС заманауи үлгідегі жаңа кешен бой көтереді, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Бұл кешенде жылына 100 тонна түйе, 350 тонна қой жүні өңдеуден өтетін болады. Жоба құны 780 млн теңге тұратын аталмыш нысанның қолданысқа берілу уақыты 2015 жылдың мамыр айы.

Аталмыш нысанның алғашқы іргетасы қалануына Атырау облысы әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов қатысты.

«Елімізде жүн мен мал терісін өңдейтін өнеркәсіп орындары көп емес. Бірақ, төрт түлік малдың жылдан жылға өсуіне қарамастан бұл өндіріс түрі дамымай тұр. Сондықтан, бұл жоба облыс үшін маңызды деп санаймын», - деді  облыс әкімі.

Аталмыш өндіріс кешені 2 цехтан тұрады: жуу және тығыздау. Жоба арқасында 50 жаңа жұмыс орны ашылды.

strategy2050.kz

Хабарламаларға жазылу