Шенеуніктерді отандық көліктерге отыруға заңмен мәжбүрлеу қажет - М.Пішембаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шенеуніктерді отандық көліктерге отыруға заңмен мәжбүрлеу қажет - М.Пішембаев

13.10.2014
Шенеуніктерді отандық көліктерге отыруға заңмен мәжбүрлеу қажет - М.Пішембаев

Шенеуніктерді отандық көліктерге отыруға заңмен мәжбүрлеу қажет. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Машина жасаушылар одағының төрағасы Мейрам Пішембаев мәлім етті.

«Министрдің, мекеме басшысының өнеге көрсетіп, отандық көлікпен жүруі құрметтеуге лайықты іс. Сондықтан да, мен барлық мемлекеттік органды отандық авто көліктерге мінуге шақырамын»,  - деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен  қатар, шенеуніктерді қажет болса отандық көлікке заңмен мәжбүрлеп отырғызу қажет деп  санайтынын да білдірді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Отандық көлікке мінуде ұсынып қана қоймай, тіпті заңмен де реттеу керек сияқты», - деді М.Пішембаев.

Хабарламаларға жазылу