14 қазан күні Алматыдағы Орталық коммуникациялар қызметінің филиалында «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұловтың қатысуымен брифинг өтеді.
Брифинг Басқарма төрағасының орынбасары Ербол Қарашөкеев және Басқарма директоры Ерұлан Жамаубаев қатысады.
Шарада «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ тұтынушылары үшін қолайлы жағдай жасау және қызмет сапасын арттыру мәселелері қарастырылады. Сондай-ақ, «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы талқыланады.