Солтүстік Қазақстан облысы автобус құрастыруды қолға алмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысы автобус құрастыруды қолға алмақ

13.10.2014
Солтүстік Қазақстан облысы автобус құрастыруды қолға алмақ

Солтүстік Қазақстан облысында бельгиялық «Van Hool»  компаниясымен бірігіп, автобус құрастыру саласын дамыту жоспарланған, деп хабарлайды kapital.kz.

Аймақ басшысы Ерік Сұлтанов бельгиялық «Van Hool» компаниясының өкілдерімен өңірде автобус жасау саласын жолға қою мәселелерін талқылады. «Van Hool» - Еуропаның автобус шығаратын ең ірі зауыттарының бірі. Олар жыл сайын 1300-1500 автобус, 3500 прицеп және басқа техника шығарады.

«Бүгінгі таңда бізде 42 машина жасау кәсіпорны бар. Олар жақсы жабдықталған және онда жоғары деңгейдегі жұмысшылар істейді. Біздің аймақта жұмыс сәтті болатынына мен сенімдімін», - деді облыс әкімі.

Бельгиялық зауыттың басшысы Ян Ван Хул компания автобусты құрастыруда аздан бастап, ақырындап өндіріс көлемін кеңейтетінін айтты. «Біз бұл ұзақ процесс болатынын білеміз, алайда ол тұрақты әрі сенімді дамиды», - деді Ян Ван Хул.

Фото: kapital.kz.

Хабарламаларға жазылу