Шыңғыс хан туралы шығарма жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шыңғыс хан туралы шығарма жарық көрді

13.10.2014
Шыңғыс хан туралы шығарма жарық көрді

Шыңғыс хан туралы тағы бір шығарма жарық көрді. Танымал жазушы Рахымжан Отарбаевтың «Шыңғыс ханның көз жасы» атты кітабы студенттер арасында кеңінен талқыланып, автор да өз ойымен бөлісті.

«Қаламгердің қолтаңбасының айқындығы, өзінің  тақырыбымен назар аудартатыны, Рекеңнің шығармашылығының арғы-бергі кезеңнің тарихы, белес тұстары айқын аңғарылады. Танымал тұлғалардың өмірі, кезеңі, шығармашылығы, қайсыбір оқиғалық сюжеттер бүгінгі күн мен кешегі күн  тарихының тамырластығы байқалады»,-дейді  филология ғылымдарының докторы Рақымжан Тұрысбек.

Рахымжан Отарбаевтың бұл туындысын тосын жаңалық деуге болмайды, әрине. Бұл – автор қиялынан туған көркем шығарма. Өзі: «құр қиялым емес, қисыны келер болжамым»,- дейді.

«Шыңғыс хан аңға шығып жүрген кезінде Бурхан-Халдун тауының етегінде найзағай соғады. Бұл о баста бар, бірақ, айтылмайтын болған жағдай.  Мен осы Шыңғыс ханды найзағай соқтырамын. Оның үстіне бұл әлем тарихына найзағайдай болып келген тұлға еді ғой.  Мұнымен өзіне тән бөлім деп ойлаймын»,-дейді жазушы жаңа туындысы турасында.

Туынды туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу