«Алматы-Астана» тасжолында көлік апатынан 2 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алматы-Астана» тасжолында көлік апатынан 2 адам қаза тапты

12.10.2014
«Алматы-Астана» тасжолында көлік апатынан 2 адам қаза тапты

Алматы облысында «Алматы-Астана» тасжолының 31-шақырымында көлік апаты болып, 2 адам қаза тапты. Апат Қаскелең қаласына таяу жерде болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Daewoo» автокөлігінің жүргізушісі солтүстікке бет алып бара жатқан бағытынан қос сызықты басып, кері бұрылмақ болған. Осы сәтте оның соңында жоғары жылдамдықпен келе жатқан «Mercedes» алдындағы көліктің орынсыз жерден бұрылатынын күтпегендіктен, оған келіп соғылған. Соққыдан «Daewoo Nexia» автокөлігі жолдың шетіне ұшып кеткен», - делінген хабарламада.

Апат салдарынан «Daewoo»-да келе жатқан 1964 жылғы әйел мен оның 9 жастағы  қызы қаза тапты. Кейін анықталғандай, көлікті отағасы жүргізіп келе жатқан. ЖКО-ны Алматы облысы ІІД қызметкерлері тексеру үстінде.

Хабарламаларға жазылу