Қазақстанда бес күндік жұмыс уақыты өзгермейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда бес күндік жұмыс уақыты өзгермейді

09.10.2014
Қазақстанда бес күндік жұмыс уақыты өзгермейді

Қазақстанда төрт күндік жұмыс аптасына көшу ертерек. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Менің ойымша, дамып келе жатқан мемлекет ретінде төрт күндік жұмыс аптасына көшу әлі ертерек. Сондықтан да біз Еңбек туралы Кодекске және Заңға сәйкес, сондай-ақ бізде бекітілген сегіз сағаттан бес жұмыс күні уақытымен жылжитын боламыз. Бұл тек мемлекеттік органдарға ғана емес, сонымен қатар жеке компаниялар үшін де оңтайлы уақыт деп санаймын»,- деді министр.

Айта кетейік, Халықаралық еңбек ұйымының сарапшылары бес күндіктен гөрі төрт күндік жұмыс аптасы анағұрлым қолайлы деп санайды және еңбек етудің осы режиміне көшуді ұсынды.

Хабарламаларға жазылу