Ақмола облысында құс фабрикасы іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында құс фабрикасы іске қосылады

09.10.2014
Ақмола облысында құс фабрикасы іске қосылады

Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы «Үш Бұлақ-2005» ЖШС «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа құс фабрикасының құрылысы жүргізуде. Бұл туралы аталған серіктестік директоры Дияс Испанов мәлім етті.

Оның айтуынша, жаңадан салынып жатқан құс фабрикасы жылына 90 миллион жұмыртқа өндірмек.

«Үдемелі индустриялық-инновациялық даму»  мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қолға алынған бұл жоба 2 миллиард 302 миллион теңгеге бағаланып отыр. Қазіргі кезде, құс қорасының 10-ны тұрғызылса, оның үшеуінде санитарлық жұмыстар жүргізілді. 

Сондай-ақ, әкімшілік-тұрмыстық кешен, жем-азық, астық қоймасы, шаруашылық блок және зооветеринарлық зертхана құрылысын толығымен аяқтап отырмыз. Жақында шетелден 148 мың тауық жеткіздік. Осы күні «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы алынған 112,1 миллион теңгеге құс фабрикасының инфрақұрылымын жасаудамыз. Қараша айының соңында кешенді іске қосуды жоспарлап отырмыз», - дейді Д.Испанов.

Хабарламаларға жазылу