Кез келген жағдайда, кез келген жерде үйде, қонақта, дәрігер бөлмесінде, көшеде болсын қылықтарын өзгертпейтін, үнемі қозғалыста жүретін, айтқанға оңайлықпен көнбейтін балалар болады. Оларды медицина тілімен айтқанда – гипербелсенді бала, дейді.
Гипербелсенділікті өсіп келе жатқан оқушының әдеттегі белсенділігімен шатастыруға болмайды. Сабақта белсенді бала жай ғана бір орында отыра алмайды, әсіресе ол партада жалғыз өзі болса, орындықтан орындыққа секіреді, қасында отырған сыныптастарын жұлқиды, партада жатқан заттарды лақтырады.
Гипербелсенділікті дәрігерлер қалай түсіндіреді? Бала өзгелерден өзгеше болған жағдайда не істеу керек? Энергиясын оң бағытта жұмсау үшін ата-ана қандай бағыт беру керек? Бүгін 15.05-те «Әйел бақыты» ток-шоуын көріңіз.