Астанада 1 732 жаңа кәсіпорын жұмысын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 1 732 жаңа кәсіпорын жұмысын бастады

08.10.2014
Астанада 1 732 жаңа кәсіпорын жұмысын бастады

Астанада шілде-қыркүйек айларында 1 732 жаңа кәсіпорын жұмысын бастады. Олардың басым бөлігі - Алматы, Сарыарқа және Есіл ауданында орналасқан. Бұл туралы Астана қаласының Статистика департаментінен хабарланды.  

Жаңа құрылған заңды тұлғалардың 1701-і шағын, 30-ы орта, 1 - ірі кәсіпорын ретінде тіркелген.

Жаңа кәсіпорындардың көпшілігі құрылыс және сауда салаларында шоғырланған.

Қазіргі кезде Астанада ашылған шағын және орта бизнес кәсіпорындарының саны артып келеді. Шілде айының басында олардың саны 51 076 құраған.

Сурет: i-news.kz 

Хабарламаларға жазылу