Еліміздегі көгалды допты хоккей спортын дамытуға күш салған тұлға - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі көгалды допты хоккей спортын дамытуға күш салған тұлға

08.10.2014
Еліміздегі көгалды допты хоккей спортын дамытуға күш салған тұлға

14 жыл бойы еліміздегі көгалды допты хоккей спортының дамуына күш салған тұлғаның бірі де, бірегейі – КСРО және Қазақстанның Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Саян Шәймерденов еді. Ол КСРО құрамасымен Еуропаның күміс жүлдегері атанды. КСРО-ның 10 дүркін чемпионы болды және осы құрамада 50 ойын өткізіп, капитан атанған  жалғыз қазақ та – Саян Шәймерденов  болатын.

Саян Шәймерденовтің осы спортқа сіңірген еңбегі ерен. Достары ақжарқын мінезін еске алады. Допты хоккейді дамытқаны үшін Саян Сафуанұлы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

ҚФФ техникалық комитетінің директоры Қайрат Адамбеков: Саян – адамгершілік қасиеті бар жан еді. Үлкен-кішіні бірдей сыйлайтын. Ол білімді еді. Әкесі де елге еңбегі сіңген азамат. Сафуан Шәймерденовтың шаңырағында дүниеге келген бала қайтсе де талантты болар,-дейді.

Саян Шәймерденов өзінің шеберлігімен Эдуард Айрихтің өзін таңғалдырды. 1973 жылы «Динамоның» негізгі құрамына ауысты. Сол жылы «Динамо» КСРО біріншілігінде топ жарып, ал Саян қазақтан шыққан тұңғыш КСРО чемпионы деген атаққа қол жеткізді.

Бүгінде Саян Шәймерденов салған соқпақ жол үлкен даңғыл болып, жалғасын табуда.

Сюжеттің толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу