Смартфондарды енді ыммен-ақ басқаруға болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Смартфондарды енді ыммен-ақ басқаруға болады

08.10.2014
Смартфондарды енді ыммен-ақ басқаруға болады

«Elliptic Labs» компаниясы смартфонды саусақ ырғағымен басқаруға болатын функция ойлап тапты. Ол үшін саусақтарыңызды смартфонға жақын ұстап, қимылдатсаңыз болғаны.

Белгі бергіш құрал ультрадыбысты диапазонда жұмыс істейді және бейнеленген белгілерді радар сияқты қабылдап алады.

Көрсетілген қимылдар сенсорлы экранның бұйрығына ауысып, бағдарламаға жіберіледі. Жүйенің сезгіштік қасиеті – 1 миллиметр шамасында. Бұл жұмыс Норвегияда жасалуда.

Хабарламаларға жазылу