Биыл «Бейнеу – Шетпе» автожолының 240 шақырымы пайдалануға беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл «Бейнеу – Шетпе» автожолының 240 шақырымы пайдалануға беріледі

07.10.2014
Биыл «Бейнеу – Шетпе» автожолының 240 шақырымы пайдалануға беріледі

Биыл Маңғыстау облысынның «Орталық-Батыс» бағытын дамыту аясында Бейнеу мен Ақтау (470 шақырым) аралығында жұмыс атқарылуда. Бұл туралы ҚР Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев мәлімдеді.

«Биыл Бейнеу – Шетпе аралығындағы 240 шақырым бойында қозғалыс ашу, ал 2016 жылы бұл учаскедегі құрылысты толық аяқтау жоспарланған. Бұл Ақтау мен Атырау арасын жаңа автомобиль жолымен қосуға мүмкіндік береді. 

2016 жылы Торғай мен Арқалық (708 шақырым) арқылы Доссор – Ақтөбе (473 шақырым) және Қарабұтақ – Астана учаскесін қайта салу жұмыстары басталып, 2020 жылы аяқталатын болады», - деді Әсет Исекешов. 

Хабарламаларға жазылу