«Қазақстан темір жолы» ҰК 5 жылда шығын көлемін 500 миллиард теңгеге төмендетеді. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин мәлім етті.
Оның айтуынша, Трансформация бағдарламасы аясында жүк, жолаушылар тасымалы, инфрақұрылым сынды басқа да маңызды компетенциялардағы негізгі бизнес-процестерді толығымен қайта қаралмақ.
«Бағдарламаны жүзеге асыру аясында 2020 жылға дейін біз шығынды 500 миллиард теңгеге дейін төмендетеміз», деді Асқар Мамин.