«Әли мен Айя» эфирге қайта шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әли мен Айя» эфирге қайта шығады

06.10.2014
«Әли мен Айя» эфирге қайта шығады

Мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісін, ойлау қабілетін дамытуды мақсат тұтқан  «Әли мен Айя» мультфильмі эфирге қайта шықпақ. 

Мультхикаяның әр бөлімінде ағалы-қарындасты Әли мен Айя ой-өрісі енді дамып келе жатқан кішкентай көрермендердің сұрақтарына жауап іздейді. Мультхикаяда қазақтың ұлттық өнері, мәдениеті, салт-дәстүрі қамтылады.

Бүгін Ұлттық арна эфирінен сағат 14.25-те көріңіз.

Хабарламаларға жазылу