Мектептің беделін қалай арттырамыз? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мектептің беделін қалай арттырамыз?

06.10.2014
Мектептің беделін қалай арттырамыз?

Барлық күштің  білімде екеніне ешкімнің таласы болмас. Білім нәрімен сусындаған өскелең ұрпақ қана болашағымыздың жарқын кепілі болмақ.

Ал, осындай білімді ұр­пақты тәрбиелеу жолында ұстаздардың еңбегі ұшан-теңіз екені айтпаса да түсінікті. Қоғамымызда білім беру жолындағы басты тұлға - мұғалімнің мәртебесін көтеру мақсатында ілкімді істердің атқарылып келе жатыр. Дегенмен, бұл жеткілікті ме?

Мектептің беделін қалай арттырамыз? Ұстаздар қауымы қандай қолдауға зәру? Мұғалімдерге қандай әлеуметтік көмек қажет? Осы және басқа да сұрақтардың жауабын бүгін 18.50-де  «Заң және біз» бағдарламасынан біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу