Қарағандыдағы кремний зауытының екінші пеші іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыдағы кремний зауытының екінші пеші іске қосылды

06.10.2015
Қарағандыдағы кремний зауытының екінші пеші іске қосылды

Осыдан 8 жыл бұрын мемлекеттік бағдарламамен салынған бұл зауыттың жұмысы былтырға дейін алға баспай келген еді. Алғашқы қожайыны екінші деңгейлі банктерге 500 миллион доллар қарызданып, 2013 жылы өндіріс тоқтап қалған.

Сол себепті жауапсыз компания шеттетіліп, кәсіпорынды «Бәйтерек» ұлттық холдингі басшылыққа алды. «Қазақстанның инвестициялық қоры» қордаланған қаржы мәселесін қаузаса, жаңа инвестор - «Тау-Кен Самұрық» ұлттық компаниясы зауыт жұмысын жолға қою үшін қыруар қаражат бөлді.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу