Ұлттық мұражайда «Домбыра Party» өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық мұражайда «Домбыра Party» өтеді

03.10.2014
Ұлттық мұражайда «Домбыра Party» өтеді

4 қазан күні Астана қаласындағы ҚР Ұлттық мұражайында белгілі жас күйшілер, әншілер, блогерлер мен қоғам қайраткерлерінің ұйымдастыруымен «Домбыра Party» шарасы өткізіледі. Бұл туралы KIMEP түлектерінің Астана қаласындағы қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлайды.

«Домбыра Party» — қазақтың ұлттық аспаптарын, соның ішінде жалпыхалықтық саз құралы ретінде домбыраны, ұлттық музыканы, ұмытыла бастаған игі дәстүрлерді қайтадан сәнге айналдыру және жалпы қазақшылықты насихаттау мақсатында туындаған флеш-моб форматындағы қозғалыс.

Шаралар тізбегі Астана, Алматы, Атырау, Ақтау, Шымкент, Қызылжар, Жаңаөзен, Орал сияқты Қазақстанның ірі қалаларында, Моңғолиядағы қазақ диаспорасы көп шоғырланған Баян-Өлгий аймағында, сонымен қатар, Стамбул, Лондон сияқты әлем қалаларында өткізіліп келеді.

 

Басталуы: 15.00

 

Хабарламаларға жазылу