Келер жылы БҚО-да Еуро-5 стандартымен бензин шығаратын зауыт іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келер жылы БҚО-да Еуро-5 стандартымен бензин шығаратын зауыт іске қосылады

03.10.2014
Келер жылы БҚО-да Еуро-5 стандартымен бензин шығаратын зауыт іске қосылады

2015 жылы Батыс Қазақстан облысында Еуро-5 стандарты бойынша бензин шығаратын зауыт іске қосылады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті.

Өңір басшысының сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы 360 жұмыс орнын құру арқылы жалпы құны 4 млрд. 200 млн. теңгені құрайтын 2 жобаны іске қосу жоспарланған. Оның бірі - трансформатор, ал екіншісі - жиһаз шығаратын зауыт.

«2015 жылы жалпы құны 30 млрд. 400 млн. теңгені құрайтын тағы екі жобаны іске қосу жоспарлануда. Оның бірі «Конденсат»  компаниясының  Еуро-5 стандарты бойынша бензин шығаратын зауытының өндірісі, екіншісі қуаттылығы жылына 200 мың тоннаны  құрайтын мұнай өңдеу зауыты», - деді Н.Ноғаев.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу