Маңғыстауда Құрбан айт қарсаңында рухани кеш өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда Құрбан айт қарсаңында рухани кеш өтті

03.10.2014
Маңғыстауда Құрбан айт қарсаңында рухани кеш өтті

Маңғыстауда Құрбан айт құрметіне орай бірқатар шара ұйымдастырылды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігі хабарлады.

Мерекелік шаралар 2 қазан күні филармония залында «Құрбан айт мүбәрак болсын!» атты рухани кешпен басталды.

Енді 4 қазан күні таңғы сағат 8-де айт намазы оқылады. Айт намазынан соң құрбандық малы шалына бастайды. Мешіт жамағатына, жалпы айттап келушілерге айт дастарқаны жайылады.

«Қайырымды ізгі кісі көгерер, ізгі кісі халық жүгін көтерер» атты республикалық акция аясында құрбандық малдың еттері мүжәлсіз отбасыларға, жалғызбасты және көпбалалы аналарға таратылады.

Құрбан айттың соңғы күндері жетім және тұрмысы төмен отбасылардың балалары үшін арнайы бағдарлама ұйымдастырылып, мультфильмдер көрсетіледі, деп жазады ҚазАқпарат. 

 

Хабарламаларға жазылу