«Түнгі студияда» - актер Мұрат Бисембин - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Түнгі студияда» - актер Мұрат Бисембин

02.10.2014
«Түнгі студияда» - актер Мұрат Бисембин

Актер Мұрат Бисембиннің негізгі мамандығы – инженер-электрик. 2001 жылдан бері киноға түсіп келеді. Ең таңдаулы кейіпкерлері ресейлік «Параграф78» фильмі мен режиссер Ақан Сатаевтың «Рэкетир» және «Ағайынды» фильмдерінде сомдалған.

Бисембинге танымалдық алып келген «Рэкетир» фильмінен кейін көрермендер актерді әлі де Руслан образымен байланыстырады.

Актерліктен бөлек, бокс, ауыр атлетика, бодибилдинг және пауэрлифтингпен айналысатын актер әзілге қалай екен? Бүгін Ұлттық арнадан 23.30-да «Түнгі студия» ток-шоуын көріңіз.

Хабарламаларға жазылу