Астана әкімі қаланы жылумен қамтитын кәсіпорындардың жұмысын тексерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана әкімі қаланы жылумен қамтитын кәсіпорындардың жұмысын тексерді

02.10.2014
Астана әкімі қаланы жылумен қамтитын кәсіпорындардың жұмысын тексерді

Бүгін Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов қаланы жылумен және электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін жауапты бірқатар нысанды аралады.

Ол ЖЭО-1 мен ЖЭО-2 жұмысы мен алдағы жылыту маусымына дайындығын тексерді, нысандарда күз-қыс маусымына дайындық аясында жүргізілген қалпына келтіру жұмыстарымен танысты.

«Астанада ауа райы қатал. Оның үстіне, қаламыз өсіп келеді, сондықтан осы кәсіпорындардың қуаттылығын арттыру керек. ЖЭО-1 мен ЖЭО-2 жұмыс істейтін техникалық сауатты мамандардың арқасында жылыту маусымына дайынбыз. Станциялық қондырғыны қалпына келтіру жөніндегі бағдарлама толық көлемде жүзеге асырылды. Бұдан басқа, ЖЭО-3 құрылысы жүргізіліп жатыр», - деді елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов.

Қазіргі кезде ЖЭО-1 мен ЖЭО-2 Астананы жылумен қамтуға жүз дайын, ал күтпеген жағдайлар орын алған жағдайда (басты қондырғы істен шықса) жұмысты үздіксіз жалғастыру үшін қажетті қосалқы бөлшектер мен құралдар бар.

astana.kz

Хабарламаларға жазылу