ҚР Мәжілісі ЕАЭО туралы келісімді ратификациялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Мәжілісі ЕАЭО туралы келісімді ратификациялады

02.10.2014
ҚР Мәжілісі ЕАЭО туралы келісімді ратификациялады

Мәжіліс Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста палата бірқатар маңызды Заң жобалары мақұлданды, деп хабарлайды strategy2050.kz

Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлағандай, оның алғашқысы «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы».

Шартқа сәйкес тараптар Еуразиялық экономикалық одақты (бұдан әрі - ЕАЭО) құрады, оның шеңберінде тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысы, осы шартпен және ЕАЭО шеңберіндегі халықаралық шарттармен айқындалған экономика салаларында үйлестірілген, келісілген немесе бірыңғай саясат жүргізу қамтамасыз етіледі.

Депутаттар «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы XXI ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шартты ратификациялау туралы»  Заң жобасын мақұлдады.

Тараптар өзара сенім, стратегиялық әріптестік және жан-жақты ынтымақтастық негізінде тең құқылы және егемен мемлекеттер ретінде бір-бірімен өзара іс-қимылды дамытады.

Хабарламаларға жазылу