Қазақстан азаматтары Ресейде 30 күн бойы тіркеусіз бола алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан азаматтары Ресейде 30 күн бойы тіркеусіз бола алады

01.10.2014
Қазақстан азаматтары Ресейде 30 күн бойы тіркеусіз бола алады

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Ресей Федерациясының аумағында және Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасын  мақұлдады.

Келісімге сәйкес, екі ел азаматтары басқа елге келгенде құзыретті органдарда міндетті тіркеусіз отыз күн ішінде болуын қамтамасыз етеді. Яғни, тараптар аумағында Қазақстан мен Ресей азаматтарының болу тәртібі оңайлатыла түседі. Бұл ретте азаматтардың уақытша болу мерзімі келетін мемлекетке кіру кезінде шекаралық бақылау органдарының қойған белгісі бар көші-қон картасымен расталады.

Ал екі ел арасында азаматтардың бір мемлекетте болуы отыз күннен асып кеткен жағдайда аталған азамат сол мемлекеттің заңнамасына сәйкес, құзыретті органдарына тіркелуге міндетті болады. «Құжатты қабылдау Қазақстан азаматтарының Ресейде болу тәртібін жеңілдетіп, сауда-экономикалық қарым қатынастарды жақсартуға ықпалын тигізеді. Әлеуметтік экономикалық теріс салдарға соқтырмайды», - деді Заң жобасы бойынша баяндаған Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

Мәжіліс мақұлдаған құжат Парламент Сенатына жолданады.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу