Қазақстандағы статистикалық мәліметтер айырмашылығының себептері түсіндірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы статистикалық мәліметтер айырмашылығының себептері түсіндірілді

01.10.2014
Қазақстандағы статистикалық мәліметтер айырмашылығының себептері түсіндірілді

Әлемдегі кез келген мемлекеттің өлім-жітімі мен туу көрсеткіші және өлім-жітім бойынша өзге де көрсеткіштер бойынша ұлттық мәліметтері мен БҰҰ және Дүниежүзілік банктың қолдарындағы мәліметтер арасында белгілі бір деңгейде айырмашылық болады. Бұл туралы Қазақстандағы БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қоры өкілдігінің басшысы Джун Кукита мәлімдеді. 

Оның айтуынша, бұған басты себеп нәресте және бала өлімінің статистикалық мәліметтері ЮНИСЕФ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Дүниежүзілік банк пен БҰҰ Халық санағы департаменті және Гарвард университеті техникалық сарапшылар тобынан тұратын БҰҰ мекемеаралық арнайы сарапшылар тобының жыл сайын әр елдің осы саладағы мәліметтерін жариялауы.

Ол үшін ұлттық мәліметтерді жинаудың стандартты формасы бар: статистика, санақ нәтижелері, Денсаулық сақтау министрліктерінің мәліметтері. Олар өлім-жітімді  есептеу моделін құру үшін пайдаланылып, аталмыш мәліметтер ел үкіметімен бірлесе қаралады. Нәтижесінде, ұлттық статистика халықаралық ұйымдар мәліметтерімен сәйкес келе бермейді.

Сондай-ақ, егер аталмыш айырмашылық шамамен 5 мың көлемінде болса, онда бұл мәлімет барынша сапалы болып табылып, үлкен айырмашылық болып есептелмейді.

Сурет: www.altaynews.kz

Хабарламаларға жазылу