Парижде өтетін автосалонда қандай жаңа үлгілер көрсетіледі? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парижде өтетін автосалонда қандай жаңа үлгілер көрсетіледі?

01.10.2014
Парижде өтетін автосалонда қандай жаңа үлгілер көрсетіледі?

Әр жылда көліктердің жаңа үлгісін көрсету үшін арнайы автошоу өтеді. Мұндай шараның бірі – Париждегі автосалон. Шара 14-19 қазан аралығында Франция астанасында өтеді.

Бұл автошоу алғаш рет 1988 жылы ұйымдастырылған. Автосалонда көліктердің жаңа үлгісі (автокөліктер, электромобилдер, квадроциклдер, мототехника, т.б) таныстырылады.

Биылғы автошоуда Jaguar F-Type, Audi TT Родстер,  Mercedes Benz GL көліктері жылдың жаңалығы болмақ, деп хабарлайды autospynews.net.

Jaguar F-Type.  Сыйымдылығы - 340 литр. Небәрі 5 секундта 100 шақырым жылдамдықта жүре алатын автокөлік.

Фото: avtovesti.com

Audi TT Родстер. Оның дөңгелек базасының ені - 2,5 метр. Қозғалтқышының көлемі - 2 литрге, қуаттылығы 230 литр/секундқа тең.  Көлік салоны милитари (әскери) үлгісінде жасалған. Мұндағы арнайы интерактивті дисплей көлік туралы толық ақпарат береді.

Хабарламаларға жазылу