Ниагара сарқырамасының сұлу көрінісі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ниагара сарқырамасының сұлу көрінісі

01.10.2014
Ниагара сарқырамасының сұлу көрінісі

Ниагара сарқырамасы – әлемдегі ерекше сарқырамалардың бірі.  Сарқыраманың әдемі көрінісін көру үшін жылына 25 миллион турист келеді. Биіктіктен құлаған суды еркін тамашалауға болады. Өйткені, ол жерге келген қонақтар үшін бар жағдай жасалған.

Сарқырамасына алыстан қарағанда жасыл түсті болып көрінеді.  Себебі, суының құрамында тұз көп. Сонымен қатар, жергілікті жердің топырағы да ерекше. Ниагара сарықырамасында адамдар жүретін және көлік өтетін екі көпір бар. Қос көпір сарқыраманың төменгі ағысынан бірнеше метр жерде орналасқан. Дәл осы жерден ғана сарқыраманың ең әдемі көрінісін тамашалауға болады.

Сарқыраманың дәл астына бару үшін арнайы кеме бар. Мұнда үстіңізге су өтпейтін киім және арнайы құлаққап беріледі.  Өйткені, жоғарыдан төмен қарай аққан судың дыбысы құлаққа қатты әсер етеді. Мұндай саяхат 1846 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу