Алматыда 5 жылдың ішінде 25 балабақша ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 5 жылдың ішінде 25 балабақша ашылды

30.09.2014
Алматыда 5 жылдың ішінде 25 балабақша ашылды

Бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Түрксіб ауданы «Жас Қанат» ықшам ауданындағы мектепте және Алатау ауданы «Саялы» ықшам ауданындағы тәуліктік балабақшасында болды, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Жаңа нысандардың жағдайымен танысқан қала әкімі Алматыда балаларды мектеп жасына дейінгі біліммен қамтамасыз етуге айрықша назар аударылып келе жатқанын айтты.

320 орынды  балабақшада кіші, орта, ересек және дайындық топтары дәріс алады. Ал, жалпы білім беретін 1200 орынды мектеп  бүгінгі заманға сай құрал- жабдықтармен, компьютерлік сыныптармен, спорттық қондырғылармен толық қамтамасыз етілген.

Айта кетейік, Алматыда соңғы 5 жыл ішінде 25 жаңа балабақша ашылып, жалға алушылар меншігінде болған мектеп жасына дейінгі 7 нысан қайтарылды.

Хабарламаларға жазылу