Елімізде жыл сайын ЭКҰ үшін 600 квота тегін бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жыл сайын ЭКҰ үшін 600 квота тегін бөлінеді

30.09.2014
Елімізде жыл сайын ЭКҰ үшін 600 квота тегін бөлінеді

Қазақстанда тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында жыл сайын 600 рет тегін экстракорпоралді ұрықтандыру жүргізуге мүмкіндік беріледі, деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі  акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының директоры Талғат Құдайбергенов.

«Қазіргі таңда тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі бойынша жыл сайын 600 рет тегін ЭКҰ жасауға мүмкіндік беріледі. Қазақстанда 16 мың жұп бедеулік пен белсіздікке ұшыраған, солардың ішінде 7 мыңы экстракорпоралді ұрықтандыруға мұқтаж»,- деді Талғат Құдайбергенов.

Қазіргі таңда елдегі туу көрсеткіші шамамен 400 мыңды құрайды. Сонымен қатар, елімізде жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуға арналған жастардың 76 денсаулық орталығы бар.

 

primeminister.kz

Хабарламаларға жазылу