Атбасарда 327 үй қалпына келтірілді

30.09.2014
Атбасарда 327 үй қалпына келтірілді

Атбасарда су тасқыны салдарынан қираған 352 үйдің 327-сі толықтай қалпына келтірілді. Бұл туралы Ақмола облысының әкімдігі хабарлады.

Үйлерді қалпына келтіру үшін ел бюджетінен 129 миллион 469,7 мың теңге бөлініп, соның 113 миллион 684,4 мыңы игерілген.

Нысандар қазан айында пайдалануға берілмек.

Хабарламаларға жазылу