Елбасы Атыраудағы «Мирас» балабақшасына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Атыраудағы «Мирас» балабақшасына барды

30.09.2014
Елбасы Атыраудағы «Мирас» балабақшасына барды

Мемлекет басшысы Атырау облысына жұмыс сапары барысында «Мирас» балабақшасының қызметімен танысып, «Ботақан» балалар тобында болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.   

Балабақшада 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар Монтессори бағдарламасына сәйкес және Халықаралық Бакалавриат бастауыш мектебінің ықпалдасқан жүйесі бойынша тәрбиеленеді.

Сондай-ақ, балабақшада музыка, спорт және би залдарымен, ойын алаңдарымен, кітапханамен, қазақ мәдениетінің орталығымен, қолданбалы өнердің, ағылшын және орыс тілінің  халықаралық стандартқа сай кабинеттерімен жабдықталған.

ҚазАқпарат 

Хабарламаларға жазылу