Елімізде жүкті әйелдер босанғанға дейінгі тексеріспен толық қамтылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жүкті әйелдер босанғанға дейінгі тексеріспен толық қамтылған

30.09.2014
Елімізде жүкті әйелдер босанғанға дейінгі тексеріспен толық қамтылған

2010 жылғы мәліметтер бойынша Қазақстанның басты жетістігі аяғы ауыр әйелдерді босанғанға дейінгі тексеріспен толық қамту (99,2 пайыз) және 99,8 пайыз толғақты білікті мамандардың қабылдауы болған.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСӘДМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Мағрипа Ембергенова айтты.

Оның сөзінше, қабылданған шаралардың арқасында, Қазақстанда ана мен бала өлімін төмендетудің жағымды динамикасы байқалған. «Соңғы 5 жылда ана өлімі көрсеткіші 3 есе, сәбилердің шетінеуі 1,6 есе азайған», - деді ол.

Фото: ortcom.kz

Хабарламаларға жазылу