Жо-Вильфрид Тсонга: Жапония жылы қарсы алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жо-Вильфрид Тсонга: Жапония жылы қарсы алды

30.09.2014
Жо-Вильфрид Тсонга: Жапония жылы қарсы алды

Франциялық теннисші Жо-Вильфрид Тсонга Жапония астанасында өтетін Rakuten Japan Open Tennis Championships  турниріне қатысады.

Әлемнің он екінші ракеткасы Токиоға сапары жөнінде ой бөлісті.

«Жапония мені жылы қарсы алды. Барлық жанкүйерге қолдау көрсеткені үшін алғысымды айтамын», - деді ол.

Токио турниріндегі Тсонганың алғашқы қарсыласы - польшалық Михал Пшисежны.

Айта кетейік, Жо-Вильфрид Тсонга өткен аптада әлемнің екінші ракеткасы Рафаэль Надальмен Астанада жолдастық кездесу өткізген еді.

 

Фото: sport-xl.org

Хабарламаларға жазылу