«Үздік педагог» атағына 48 ұстаз ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Үздік педагог» атағына 48 ұстаз ие болды

30.09.2014
«Үздік педагог» атағына 48 ұстаз ие болды

Кәсіптік және техникалық білім беру жүйесі бойынша «Үздік педагог» атағына ие болған ұстаздар есімі белгілі болды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады.

Байқаудың республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша 48 ұстаз жеңімпаз деп танылды. Олар мектепке дейінгі және орта білім жүйесі - 32 педагог, техникалық және кәсіби білім беру жүйесі - 16 педагог.

Сондай-ақ, 2 қазанда Астана қаласында байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

 

Хабарламаларға жазылу