Астанада екі құрылыс компаниясына қатысты алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада екі құрылыс компаниясына қатысты алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғалды

30.09.2014
Астанада екі құрылыс компаниясына қатысты алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғалды

Елорда аумағында күн сайын жаңа құрылыс алаңдары ашылып, салушылар сатып алушыларға қолайлы шарттарын ұсынады.

Баспана сатып аларда әуелі сақтық танытып, барлығын саралап, содан кейін ғана шешім қабылдаған жөн, деп ескертеді астананың ресми сайты.

Сатып алушылар көпқабатты тұрғын үй салу үшін салушылардың келесі құжаттары болуы қажеттігін білуі тиіс:

1. жер телімін таңдау және келісу актісі;

2. жобалауға рұқсат ететін қаулы;

3. сәулет-жоспарлау тапсырмасы;

4. Астана қаласының бас архитекторы бекіткен сызба жоба;

5. инженерлік желілері бар жұмыс жобасының мемлекеттік сараптамасы;

6. құрылыс жүргізу қаулысы;

Құрылысы аяқталмаған нысандарда тұрғын алаңдарын салу үшін салушыға жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа үлескерлердің қаржысын тартуға рұқсаты болуы керек.

Апта сайынғы БАҚ саралау Астанада құрылысы аяқталмаған нысандарда шаршы метрлерді сатып жатқан салушы компаниялардың бар екенін көрсетті. Бұл ҚР Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңына қайшы келеді. 

Заңсыз әрекеттердің алдын-алу мақсатында Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу жөніндегі мекемеаралық комиссияның қорытындылары апта сайын БАҚ-та жарияланатын болады.

Атап өту керек, «АльБаракат Компани» ЖШС мен «Төленді» ТҚК қатысты Астана қаласының Ішкі істер департаменті алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын.

Хабарламаларға жазылу