Бүгін «Таңшолпанда» суретші Айдарбек Ғазизұлы қонақта болды.
«Қазақ даласында карикатура саласы бойынша 1958 жылы сатиралық «Ара» журналы шықты. Оған дейін Шоқан Уәлихановтың иллюстрациялық штрих суреттерін де карикатураға балайды. Бірақ, арнайы басылып, халыққа тарауы 1958 жылғы «Ара» журналы болды», - дейді суретші.
«Адамның өзінде сүйіспеншілік болмаса, бұл өнерге келетіндер аз. Себебі, карикатураға тек қана сурет салу аздық етеді. Адам әзілге жақын болуы керек. Карикатураның мақсаты – аз суретпен көп ой айту»,-дейді Айдарбек Ғазизұлы.
«Карикатурада бір суретті қайталамау қажет. Қайталаған күннің өзінде басқа қырынан алып шығу керек. Түрлі карикатуралық көрмелерге ең азы 300, 500 немесе мыңдаған адам қатысуға ниет білдіреді. Соның ішінен 100-ін ғана таңдап алады».
Суретшінің ерекше суреттерімен «Таңшолпаннан» таныса аласыздар.