Каратэден ҚР құрамасы Португалиядағы Әлем чемпионатынан 20 алтын медальмен оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каратэден ҚР құрамасы Португалиядағы Әлем чемпионатынан 20 алтын медальмен оралды

30.09.2014
Каратэден ҚР құрамасы Португалиядағы Әлем чемпионатынан 20 алтын медальмен оралды

Шотокан стиліндегі каратэ-додан Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатында (FSKA) сәтті өнер көрсетіп, Астанаға қайтып келді. Жарыс 26-28 қыркүйек күндері Португалияның Алмада қаласында өтті. Елордадағы әуежайдан спортшыларды  жанкүйерлері қарсы алды.

«Чемпионатқа әлемнің 20 елінен командалар келді. Біздің спортшылар 20 алтын медаль ұтты, күміс пен қола жүлделер одан да көп. Яғни, біздің жетістіктеріміз күткен нәтижелерімізден де асып түсті. Жаз бойы дайындалдық. Спортшыларымыз біздің үмітімізді ақтады», - деді команда жаттықтырушысы Рауан Тоғызбаев.

Оның сөзіне қарағанда, қазақстандық спортшылар білікті техникалары мен өздерінің патриоттық сезімдерін жоғары деңгейде паш етті.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу