Ресей ішкі туризмді дамытуға қолдау көрсетпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей ішкі туризмді дамытуға қолдау көрсетпек

29.09.2014
Ресей ішкі туризмді дамытуға қолдау көрсетпек

Ресей туристік операторлар қауымдастығы мәдениет министрлігі мен Ресейдің туризм агенттігіне ішкі туризмді дамытуға қатысты өз ұсыныстарын жеткізді.

Қауымдастықтың айтуынша, 2014 жылдың жазғы маусымы сыртқа шығу бағытындағы туристік операторлар үшін оңай болған жоқ.  Өйткені, елдегі туристік операторларға серіктестерінің қатал келісімшарты, сондай-ақ, қаржылай кепілдікке және «туристік көмекке» бөлінген шығыны қиындық туғызуда.

Осы мақсатта Ресей туристік операторлар қауымдастығы мәдениет министрлігі мен Ресейдің туризм агенттігіне туристік операторларды ынталандыру мақсатында, федералдық бюджеттен субсидия бөлуді ұсынды.

«Мемлекет тарапынан бөлінген субсидия жарнамаға жұмсалар еді», - делінген қауымдастықтың сайтында.

Сондай-ақ, қауымдастық  ішкі туризмді дамыту үшін туристік операторларға несие алу үшін мемлекеттік кепілдік беру жөнінде ұсыныс білдірді.  Қауымдастықтың айтуынша, мемлекеттік кепілдікті беру шарты заңмен негізделген болуы керек.

 

Фото: www.rg.ru

Хабарламаларға жазылу