СҚО әкімі XVII Жазғы Азия ойындарының чемпионы Алексей Луценкоға құттықтау жеделхатын жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО әкімі XVII Жазғы Азия ойындарының чемпионы Алексей Луценкоға құттықтау жеделхатын жолдады

29.09.2014
СҚО әкімі XVII Жазғы Азия ойындарының чемпионы Алексей Луценкоға құттықтау жеделхатын жолдады

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов Инчхондағы Жазғы Азия ойындарының алтын жүлдегері велошабандоз Алексей Луценкоға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады СҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Өңір басшысы «Алексей Луценконың жеңісі барлық қазақстандықтар үшін тамаша сыйлық, күнделікті қажырлы еңбектің жемісі және елдегі велоспорттың даму деңгейінің жоғары екенін көрсетті», деп атап өтті. Ерік Сұлтанов Алексей Луценкоға мықты денсаулық, шыдамдылық пен өмірде қуанышты сәттердің көп болуын тіледі.

Еске салсақ, Солтүстік Қазақстан облысының велошабандозы Алексей Луценко Инчхондағы Жазғы Азия ойындарында  42 шақырымдық жеке жарыста алтын жүлдеге қол жеткізген еді.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу